Қазақстан мен Германияның құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысы талқыланды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Германияның құқық қорғау органдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесі талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Екі ел арасындағы зияткерлік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастықты және құқық қорғау органдары арасындағы өзара әрекеттестікті кеңейту мәселесін талқылау үшін ҚР Әділет министрі Берік Имашевтың жетекшілігімен ҚР делегациясы Германияда болды. Сапар аясында ҚР Әділет министрі Федералдық Әділет министрлігінің статс-хатшысы Ш.Хубигпен, Мюнхен қаласының патенттер мәселелері бойынша Федералдық сотының президенті Б.Шмидт, Еуропалық Одақтың патенттер мен тауар белгілері жөніндегі мекемесінің вице-президенті Г.Шмитцпен кездесті. Келіссөз барысында Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының мақсат, міндеттері және ҚР сот жүйесін жетілдіру шаралары таныстырылды. Германиялық тарап Қазақстанның құқықтық үстемдікті қамсыздандыруға деген талпынысы халықаралық одақтан қолдау тауып отырғанын жеткізді. Оған Астана қаласында өткен Орталық Азия мен Еуроодақ Әділет министрлерінің 4-ші конференциясы айтуға болатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар