Қазақстан мен Грузия өзара сауда көлемін арттыруға ерекше мән бермек

«Бүгінде елдеріміз арасындағы сыртқы тауар айналымы көлемі тек 115 млн. АҚШ долларын ғана құрап отыр. Алайда 3-4 жыл бұрын Грузия және Қазақстан экономикасына өзара инвестициялар аталған көрсеткіштен 4 есе жоғары болған еді. Бізде ынтымақтастықты арттыруға елеулі әлеует бар екенін ұмытпауымыз керек», - деді вице-министр.
Бүгінде Қазақстанда грузиндік капиталдың қатысуымен бірлескен 80 кәсіпорын жұмыс істеп жатқандығына тоқталған ол, «Қазтрансойл», "ҚазМұнайГаз» секілді ірі компаниялардың Грузияда инвестициясы бар. Биыл Грузияда бірлескен жоба аясында санаторий ашылған болатын. Менің ойымша, өзара қатынастардың әлеуеті айтарлықтай жоғары»,-деді.
Айта кетейік, форумды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Аждария Автономдық Республикасының (Грузия) Қаржы және экономика министрлігі, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы бірлесе ұйымдастырып отыр. Шараға Қазақстан мен Грузияның құрылыс, туризм, өнеркәсіп, көлік, медицина салаларының компаниялары қатысуда.