20:13, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Грузия парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері сөз болды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат. Парламент Сенаты Аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуовтің Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паат Каландадземен кездесуінде Қазақстан мен Грузия парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері сөз болды,
деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
М.Нұртілеуов грузин дипломатына Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Грузия жоғарғы өкілді органының басшысы Давид Бакрадзеге жолдауын тапсырды.
Жоғарғы палата басшысы екі ел Парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды белсенділендіру туралы грузин әріптесінің бастамасын қолдап, парламенттік делегациялардың өзара сапар алмасу жайында қазақстандық тараптың әзірлігін қуаттады.