Қазақстан мен Грузия: ТХКБ арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға артты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылы 62 пайызға артты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Қазақстан мен Грузия: ТХКБ арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға артты
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

- Қазақстан мен Грузия Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту аясында бірлесе қызмет атқарып келеді. Осы бағыт бойынша өткен жылы жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаны құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5 еседей көп. Бағыттың әлеуетін арттыру, сондай-ақ инфрақұрылымды, порт және терминалдық қуатты жақсарту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Үкіметі барлық бағыт бойынша Қазақстан-Грузия әріптестігінің серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты жұмысты жалғастыруға ниетті, - деді ол Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз барысында. 

Өз кезегінде Ираклий Кобахидзе Грузияның Қазақстанмен екіжақты байланыстарды дамытуға және нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. 

- Бұл менің Қазақстанға экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алғашқы әрі маңызды ресми сапарым. Бүгінде мемлекеттеріміз арасында ынтымақтастықтың түрлі бағытында үлкен жетістіктер бар. Біз Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделіміз, - деді Ираклий Кобахидзе.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жыл ішінде ел экономикасына грузиялық инвесторлар қанша қаржы құйғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар