Қазақстан мен Хорватия сыртқы істер ведомстволары ниеттестік хаттамасын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Хорватия Премьер-Министрі Зоран Милановичтің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін хаттамаға қол қойылды.
None
None

Атап айтқанда, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында ниеттестік туралы хаттама бекітілді. Құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Волков пен Хорватия сыртқы істер ведомствосы басшысының орынбасары И. Клисович қол қойды.

Айта кетейік, бүгін екі елдік іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді деп күтілуде. Хорватия тарапы Қазақстанмен арада тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін алға тартуда.

Соңғы жаңалықтар