Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты дамытудың Жол картасы әзірленді - ҚР СІМ

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үстімздегі жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі және Ливан Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Б.Сәрсенбаев
None
None

Ливан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Уафи Рхеймимен жүздесті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

         Кездесу барысында Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық барысы талқыланып, екі жақты қатынастарды одан әрі ынталандыру жолдары туралы пікір алмасулар болды.

         Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Сәрсенбаев Ливан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысына екі жақты қатынастарды ынталандырудың жол картасын ұсынып, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыс жайында әңгімелеп берді. Ливан тарапына Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуші ел атануға  қолдау көрсеткендігі үшін алғыс білдірілді. Осы ретте Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық және сыртқы саясаттағы жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 21-ші мерейтойын атап өту шеңберінде, Бейрут қаласына Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірова академия түлектерінен құралған музыкалық топты концерт қою мақсатында бастап келгендігі туралы әріптесін хабардар етті.

         Өз кезегінде Ливан Сыртқы істер министрі Қазақстан тарапы ұсынған екіжақты ынтымақтастықты дамыту Жол картасына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға барынша қолғабыс ететіндігіне сендірді. Бас хатшы Ливан Республикасы банк саласында аймақтағы алдыңғы қатардағы ел екіндігін сөз етіп, Жол картасына екі елдің банк саласында ынтымақтастық жасасу туралы бапты қосуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар