01:44, 25 Қыркүйек 2019 | GMT +5
Қазақстан мен Иордания басшылары өзара тиімді әріптестікті дамытуға дайын екендерін мәлімдеді
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Екі көшбасшы да түрлі салалар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданиямен арадағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екенін айтты.
Сондай-ақ, ол ІІ Абдаллаға Қазақстанның дінаралық диалогты нығайтуға қатысты бастамаларын үнемі қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.