Қазақстан мен Иордания Энергетика және минералдық ресурстар салаларында ынтымақтастық жөнінде іс-шаралар жоспарына қол қойды

АММАН. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ – Амманда бейсенбі күні Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық 3-ші отырысы аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің ақпаратына сілтеме жасап.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев және Иорданияның индустрия және сауда министрі Әмір әл-Хадиди бастаған екі елдің делегация мүшелері екіжақты сипаттағы кең көлемді мәселелерді, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, ауыл шаруашылығындағы әріптестікті, кеден саласын, туризм және спорт, білім және ғылым салаларын талқылады. Комиссиялардың басшылары бірлескен үкіметаралық комиссия қызметі кезеңінде Қазақстан мен Иордания арасындағы шарттық-құқықтық базаларды нығайтуда белгілі бір табыстарға қол жеткізілгенін атады. Тауар айналымының көлемі 2007 жылы 17,6 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2008 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығындағы кезеңде 74,2 млн. долларға жетті, яғни 4 пайыздан астамға, олардың ішінде қазақстандық экспорт ? 73,4 млн. АҚШ долларына, импорт ? 744 мың АҚШ долларына өсті. Келешекте денсаулық сақтау, спорт және кеден ісінде өзара көмек көрсету салаларында келісім жасасу жоспарланып отыр. Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Иордания үкіметаралық 3-ші отырысының Хаттамасына, сондай-ақ энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастық іс-шараларының бірлескен жоспарына қол қойды.Сол күні А.Күрішбаев Иорданияның премьер-министрі Надер әл-Дахабимен кездесті. Үкімет басшысы комиссияның жұмыс нәтижелері және экономиканың түрлі салаларында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар