12:09, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығы нығаюда - ҚР ҚМ
А СТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды.

Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізіп, әскери-теңіз саласындағы екі ел ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ жұмыс сапарының барысында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтары - Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа технологияларымен танысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.