Қазақстан мен Иран кинематография саласында ынтымақтастықты дамытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының мәдениет министрі Реза Салехи мен оның қазақстандық әріптесі Арыстанбек Мұхамедиұлының кездесуінде кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесіне баса назар аударылды.

Қазақстан мен Иран кинематография саласында ынтымақтастықты дамытады

Ресми сапармен Тегеранда болған Қазақстан мәдениет және спорт министрі Иран мәдениет министрімен кино саласындағы ынтымақтастық байланыстың перспектикалары жайын талқылады. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлайды.

Иранның бұл саладағы мүмкіндіктерін атай отырып, ирандық министр кино саласы елге көптеген халықаралық марапаттар әкелгендігін атап өтті.

«Ирандықтар фильмдерге асқан қызығушылықпен қарайды. Сондай-ақ, біздің елде кино диалогқа айналып кетті», - деді Салехи Амири.

Ол екі ел арасында түрлі мәдени және көркемдік салаларда, соның ішінде музыка, театр, әдебиет және бейнелеу өнерінде екіжақты ынтымақтастықты реттеуге болатындығын атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан мәдениет министрі Иран кино саласындағы әлемнің үздік елдерінің қатарында екендігін айтып, көркем туындылардың аударылуы екі ел халықтары арасындағы өзара танымдылықтың артуына септігін тигізеді, деді.