Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. KAZINFORM – Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат барысында Аракчи әріптесін министр лауазымына тағайындалуымен және Республика күнімен құттықтады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылыстарын растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырып, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ Таиланд пен Камбоджа арасындағы бірлескен декларацияға қатысты мәлімдеме жасағанын жазған едік.