Қазақстан мен Испания Корольдігін дәстүрлі достық қарым-қатынас негізіндегі ынтымақтастық байланыстырып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Испания Корольдігін дәстүрлі достық қарым-қатынас негізіндегі ынтымақтастық байланыстырып келеді. Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Қазақстан мен Испания Корольдігін дәстүрлі достық қарым-қатынас негізіндегі ынтымақтастық байланыстырып келеді. Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Испания қарым-қатынастары саяси диалогымыздың белсенділігімен, сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамуы арқылы ерекшеленіп отырғанын білесіздер», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы Испанияға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне ұсынылған Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. Испания Үкіметінің төрағасы Марио Рахойдың елімізге ресми сапары екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін берді деп сенетінігін атап өтті.

«Қазақстанда Испанияның көптеген компаниялары табысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысты әрі қарай дамытуымыз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар