11:19, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Италия қорғаныс министрлері екіжақты әскери ынтымақтастықтың келешегін талқылады
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Италия қорғаныс министрлері Әділбек Жақсыбеков пен Джампаола Ди Паола Қазақстан мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласын өркендету, әскери техниканың жаңа үлгілерін, бақылау және байланыс жүйелерін сатып алу, құрлық әскерлерінің бірлескен өзара іс-қимылдары мәселелерін талқылады.