Қазақстан мен Италия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең, 19 ақпанда Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола алғашқы ресми сапармен Қазақстан Республикасына келеді.
None
None

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар бағдарламасына сәйкес, Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі жоспарланған. Кездесуде екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары талқыланбақ.

Келіссөздерде қарастырылатын мәселелердің бірі - Қазақстан мен Италияның қорғаныс саласындағы, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту болмақ.

Соңғы жаңалықтар