Қазақстан мен Италия Президенттері қарулы қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Италияның халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастығы нығайып келеді. Бұл туралы Ақордада Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қазақстан мен Италия Президенттері қарулы қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық білдірді
Фото: Ақорда

— Келіссөз кезінде білім саласына айрықша мән бердік. Қазіргі таңда Италияның үздік жоғары оқу орындарында Қазақстанның 4 мыңнан астам студенті білім алып жатыр. Сол үшін Италия Үкіметіне алғыс айтамын. Биыл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің негізінде Марке политехникалық университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Оқу орны жас ұрпақтың жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді деп сенеміз, — деді Президент. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы келіссөздер барысында бірқатар халықаралық мәселе бойынша пікір алмасылғанын айтты. 

— Қазіргідей күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық таныттық. Қос тарап барлық түткілді БҰҰ жарғысына сәйкес бейбіт және саяси дипломатия жолымен шешу керек деп санайды. Қазақстан мен Италия халықаралық ықпалдастықты күшейтуге мүдделі жаһандық тұрақылық пен бейбітішілікті нығайту ісіне белсене атсалысуға дайын. Біз бір-біріміздің бастамаларымызды үнемі қолдап келеміз. Көпжақты дипломатияны одан ары дамытуға ерекше мән береміз. Осы орайда «Орталық Азия-Италия» диалог алаңы аймақтық деңгейдегі әріптестігімізді жандандыра түсері анық. Италия тарабының бастамасымен оның алғашқы отырысы биыл Астанада өткенін білесіздер. Осылайша, халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастығымыз нығайып келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар