00:01, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Италияның велоспорт федерациялары өзара ынтымақтастық орнатуға келісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Италияның велоспорт федерацияларының президенттері Дархан Қалетаев пен Ренато Ди Рокко екі елде велоспортты дамытуда өзара ынтымақтастық орнатуға келісті.

Бұл туралы федерацияның баспасөз хабарламасында айтылған.
«Италияның велоспорт федерациясымен ынтымақтастық орнату біз үшін маңызды. «Astana Pro Team» велокомандасының құрамында көптеген итальяндық жоғары кәсіби велошабандоздар бар. 2014 жылғы Тур де Франс жеңімпазы Винченцо Нибали де Италия азаматы. Федерацияларымыз арасындағы ынтымақтастық Қазақстандағы велоспорттың дамуына серпін береді», - деп атап өтті Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев.