Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда айналымы 2 есе өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуы қарсаңында Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Израиль абсорбация министрлігінің бас ғалымы Зеэв ХАНИН журналистермен брифинг өткізді. Өз сөзінде ол аталған одақтың пайдалы тұстарына тоқтала келе Қазақстан-Израиль арасындағы экономикалық жетістіктерді де тізбектеп шықты.
None
None

«Израиль - өз көзқарасы бар мемлекет, сол секілді Ресейдің де өз көзқарасы бар. Бірақ біз өзара қызығушылықтар саласында келісім жасаймыз. Ал, Қазақстан мен Израильдің қарым-қатынасы өте жақсы, мұнда тауар айналымы 2 есеге өсіп отыр. Бұл екі елдің арасындағы әріптестіктің тиімді болып отырғандығын көрсетеді», - деді З.Ханин.

Маман сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер жайында да өз пікірін айтты.

«Біз үшін Еуразиялық аймақ жәй ғана топтасқан елдер ғана емес. Бұл көптеген израилдіктердің дүниеге келген мекені. Ол біз үшін ұлттық этносымыздың бір бөлігі, біздің тарих, біздің естелік. Біз қашанда бұл жерде осы аймақта орын алып жатқан оқиғаларға қалай көмектесе аламыз деген сұрақ қоямыз. Израиль Еуропалық одақ пен Еуропалық интеграция институттары сынды ұйымдармен ассоциациялық мүшесі ретіндегі тәжірибесі бар. Қазір Қазақстанның алдында саяси интеграция мен экономикалық интеграция арасында таңдауы бар. Израиль үшін мысалы ЕЭО-қа мүше әрбір елмен экономикалық қарым-қатынасты орнату ауыртпалық салатын жаһандық саяси қарым-қатынасты орнатуға қарағанда әлдеқайда жеңіл», - деді ол.

Сөз соңында Зеэв Ханин Израильдің де Еуразиялық Экономикалық одаққа қызығушылықпен қарап отырғанын айтып өтті.

«Израиль кішкентай мемлекет болғанымен, технологиялық жағынан алғанда супердержава. Бүгін қол қойылғалы жатқан Шарттың біздің құзіретімізде болған құжаттар мен біз танысқан пікірлері бойынша Израиль мемлекетіне өте қызықты салаларын байқадық, - деді маман. Ол саланың индустриалды экономикадан постиндустриалды экономикаға өтуі екендігін айтқан Зеав Ханин:

«Жоғарғы технологиялардың дамуы ішкі нарықтың айналымының күрт жоғарылауын қамтамасыз ететін элементтердің өндіріске енуі бізді қызықтыратын дүние. Әсіресе бұл бағытта экономикалық әріптестер ретінде үш мемлекет бірлесіп, жоғарғы сапалы жаңа технологиялар айналымын қамтамасыз етіп жатса біз бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», -деді.

Естеріңізге салайық, 29 мамырда Астана төріне дүниенің төрт бұрышынан түрлі саланың мамандары мен сарапшылары жиналып, Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуын талқылады. Таңертең Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің басшылары аталған одақты құру туралы келісімге қол қойып, тарихқа жаңа парақтар қосты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттердің отырысы кезінде 29 мамырды Еуразиялық Экономикалық одақ күні деп атап өтуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар