Қазақстан мен Израиль су саласындағы ынтымақтастық құжатын бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Израильдің «Мекорот» Ұлттық су компаниясының бас директоры Шимон Бен-Хамо екі ел арасындағы Қазақстанның су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
None
None

Бұл құжатта тараптардың Қазақстанда заманауи үздік су жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және басқаруға мүдделілігі расталады.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «Мекорот» компаниясы консультациялық, ұйымдастырушылық және технологиялық қолдау көрсетеді деп күтілуде.

Тараптар қазақстандықтарды су шаруашылығы саласындағы мамандықтарға және жаңашыл технологиялар мен тәсілдемелерге (ноу-хау) үйрету орталығын құруға ниетті.

Израильдік компания қазақстандық ұлттық су компаниясын құру барысында өзінің білімі мен тәжірибесін негізге алып, сондай-ақ, еліміздің нарықтық қажеттіліктерін ескере отырып, консультациялық қолдау көрсетпек.

«Mekorot National Water Company Ltd» Израильдің су саласындағы мемлекеттік компаниясы болып табылады. Компанияның сумен қамтамасыз ету жобаларын басқару, іске асыру, ноу-хау мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ су ресурстарын басқару, суды тазарту, атап айтқанда оны сүзу, тұщыландыру (теңіз және аз минералданған сулар), өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын сумен қамтамасыз ету жүйелерін құру сияқты салалардағы тәжірибесі мол.

Соңғы жаңалықтар