Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға ниетті

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат -1 3-14 қарашада Қазақстан тарапының шақыруымен елімізге Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрд ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None
«Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқан мезеттен бастап, Қазақстанға Канаданың сыртқы саяси ведомствосы басшысының алғашқы ресми сапары екендігін ерекше атап өткім келеді. Канада - еуроатлантикалық блоктағы Қазақстанның маңызды әріптестерінің бірі. Сапардың басты мақсаты - ортақ мүдделер болатын кең спектрлі мәселелер жөнінде пікір алмасу. Екі елдің сыртқы істер министрлері Қазақстан-Канада жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге бағытталған бірлескен кешенді шараларды талқылайды», -деді ресми өкіл. Сонымен қатар сапар аясында ҚР Премьер министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрд атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Үкіметі мен Канада Үкіметінің арасындағы келісімге қол қоюға ниетті.
Соңғы жаңалықтар