Қазақстан мен Катар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

А. Шоқыбаев оны 2016 жылдың бірінші жартысында Ислам ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша құрылтайшы сессиясы және азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ИЫҰ елдері министрлерінің 7-ші конференциясы өтетінін, сондай-ақ Астанада осы ұйымның штаб-пәтері құрылатынын хабарлады.
Елші Катардың таяу уақытта осы ұйымға қосылуының маңызын атап өтті.
Өз кезегінде, КМ қоршаған ортаны қорғау министрі А. Әл-Хумейди аталмыш шараға қатысуға әзір екенін және ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларына Катардың Қазақстанмен ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеді.
Бұдан басқа, А. Әл-Хумейди өзінің алдағы Астанаға сапары барысында Қазақстан мен Катар арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға мүдделілік танытты.
А. Шоқыбаев Катар министрін толық қолдайтынын және осы құжат жобасын келісуді бастауды ұсынды.