Қазақстан мен Кипр қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартты ратификациялады
Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ратификацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарт Қазақстан мен Кипр Республикасы құзыретті органдары арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.
Шартта екі елдің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл регламенттелген. Сондай-ақ құжатта көрсетілетін көмектердің тізімі және көмек беруден бас тарту үшін негіздер, құпиялылық туралы шарттар қарастырылған. Сонымен қатар тараптар дәлелдемелер алу және пайдалану ережесі айқындалған.
Одан бөлек, қылмыстық қызметтен түскен заттарды, құжаттарды, қаржы активтерін және басқа да кірістерді анықтау, табу, шектеу қою және тәркілеу бойынша көмек көрсетудің шарттары көрсетілген. Құқықтық көмек көрсету рәсімдерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын екі мемлекеттің құзыретті органдары, сондай-ақ шартты іске асыруға байланысты шығыстарды өтеу шарттары айқындалған.
Аталған шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімді болуын арттырады. Заңды қабылдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейді және оны өзгертуге алып келмейді. Шартты іске асыру республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.