Қазақстан мен Қырғызстан арасында жаңа әуе бағдары ашылады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазаэронавигация» РМК «Қырғызаэронавигация» ММ-мен бірлесіп Алматы мен Қаракөл арасында Санташ асуы арқылы жаңа әуе бағытын ашу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасының азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, бағыт таулы жағдайда ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етіп отыратын ИКАО-ның қазіргі заманғы талаптары мен RNAV-5 навигациялық сипаттамасы ескеріліп әзірленген.
— Жаңа бағыт сонау 1970 жылдары болған тарихи бағытты жаңғыртып, «Қарқыра-автодорожный» шекара бекеттерінің маңынан өтеді. Ұшырылым алдында Beechcraft King Air 360 ұшағында бірлескен жердегі тексеру және ұшу валидациясы жүргізілді, бұл бағыттың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады, — деп хабарлады агенттік.
Бұған дейін 25 тамыздан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Қарқара-автомобиль» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне көшкенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық автобус бағытын қалпына келтіргенін жаздық.