Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «тіс контрабандасының» жолы кесілді

БІШКЕК. KAZINFORM — «Ақ Жол-Автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде заңсыз стоматологиялық имплантанттар партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі

«Зубную контрабанду» пресекли на границе Казахстана и Кыргызстана
Фото: Zamin.uz

Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік салық қызметінің мәліметінше, көлікті тексеру кезінде тиісті ілеспе құжаттары жоқ түрлі атауы бар тіс имплантанттары анықталған. 

— Анықталған заңсыз жүктің алдын ала құны 1 млн-нан астам сомды құрады. Оқиғаға қатысты хаттамалар толтырылды, материалдар соттың қарауы үшін құқық қорғау органдарына беріледі, — делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің шекара қызметі бір айда 1,3 мыңнан астам контрабандалық әрекетті анықтағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар