Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $30 млрд асты

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, 30,68 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚХР Бас кеден басқармасы.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы $30 млрд асты
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Xinhua агенттігінің дерегінше, есепті кезеңде Қытайдың Қазақстанға экспорты 6,9 пайызға өсіп, 19,4 млрд долларды құрады.

Ал Қазақстаннан Қытайға импорт көлемі 3,9 пайызға артып, 11,28 млрд долларға жетті.

ҚХР Бас кеден басқармасының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 43,82 млрд долларды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында инвестиция тарту бойынша ең ірі серіктесіне айналды.

Соңғы жаңалықтар