Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бейжіңдегі Қытай ұлттық опера театрында Қазақстан-Қытай мәдени аралық жылының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік кеш екі елдің жетекші өнерпаздарының басын қосты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі.

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Қатысушылар мен қонақтар алдында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қытай Халық Республикасының Туризм және мәдениет министрі Сунь Ели құттықтау сөз сөйледі.

Кештің мәдени бағдарламасында бірегей қойылымдар ұсынылды. Екі елдің атақты ансамбльдері — Абылай Тілепберген жетекшілік ететін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және маэстро Цзинь Хуан жетекшілік ететін Қытай опера және балетінің халық оркестрі өздерінің өнерлерін көрсетті.

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Көрермендер «Сарыарқа», «Шалқыма», «Бірлігіміз — қуаныш» аспаптық ансамбльдері, вокалдық классика «Самал», «Қазақ елі» және Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әндері, сондай-ақ «Туған жерімнің бұлттары», «Мен сені сүйем, Қытай», «Тәтті раушан» мен «Ланхуахуа» қытай халық әндерін тыңдады. 

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Сондай-ақ бағдарламада «Қыз сыны» сән көрсетілімі, «Сұлулық салтанаты», «Дала тынысы», «Рух», «Мың тұлпар толқыны», «Хуанхэ» және «Су рухы» хореографиялық композициялары соқпалы аспаптарда мәнерлеп орындалды.

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Туризм және мәдениет министрлігі ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, 2026 жыл Қазақстан мен Қытайдың аралық мәдениет жылы болып жарияланған болатын. Екі ел үшін жыл бойына мәдени іс-шаралардың бағдарламасы жоспарланған.

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылының ашылу салтанаты өтті
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Айта кетейік, Бейжің бастауыш мектебінің оқушылары Қазақстан мәдениет орталығына барды.

Соңғы жаңалықтар