Қазақстан мен Қытай шекарасында жолаушылар ағыны күрт артты
АСТАНА. KAZINFORM – 15 шілдедегі жағдай бойынша Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Цзимунай бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанмен шекарадан өткен және кірген жолаушылар саны 49 мың адамнан асты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Сол кезеңде шекарадан өткен көлік саны 12 мыңға жуықтаған.
Жергілікті туристік агенттік өкілі Ян Чуньнің айтуынша, трансшекаралық туристік топтар саны айтарлықтай өскен. Оның агенттігі мамыр-маусым айларында ұзақтығы 1 күннен 30 күнге дейінгі Қазақстанға бағытталған түрлі автотуристік бағыттар ұйымдастырып, 28 көлікпен сапар шеккен туристерге қызмет көрсеткен.
Мұндай өсімге Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визасыз режимнің енгізілуі себеп болды.
Еске салайық, визасыз қатынас 2023 жылдың қараша айынан бастап күшіне енген болатын.
– Визасыз режим трансшекаралық сапарларды әлдеқайда ыңғайлы етті, – дейді Алматыдан келген турист Айтош Махмет. Ол Синьцзяндағы Бурчун ауданы мен Үрімші қаласына және өзге де өңірлерге баруды жоспарлап отыр.
Бурчун уезінің мәдениет, спорт, радио, телевидение және туризм басқармасы өкілі Лю Шужунның мәліметінше, трансшекаралық туризм аясында Қытай мен Қазақстанның туристік әлеуетін біріктіретін жаңа бағыттар әзірленіп жатыр. Бұл шетелдік туристерге Цзимунай бекеті арқылы Қазақстанға өтуге мүмкіндік береді.