Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы 24 келісім жасасты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды

Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

Қазақстан мен Қытай 24 үкіметаралық келісімге қол қойды
Фото: Ақорда
24 документа подписаны по итогам переговоров между Казахстаном и Китаем
Фото: Ақорда
24 документа подписаны по итогам переговоров между Казахстаном и Китаем
Фото: Ақорда

Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

Қазақстан мен Қытай 24 үкіметаралық келісімге қол қойды
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Қытай 24 үкіметаралық келісімге қол қойды
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алғанын жазған едік.

Кейіннен Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді. Тоқаев екіжақты қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жаңа «алтын кезеңге» қадам басқанын мәлімдеді.

Сонымен қоса Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен 

Президент ҚХР Төрағасымен жүргізген келіссөз барысында Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады.

Өз кезегінде Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар