Қазақстан мен Қытайды тату көршілік, көпжылдық ынтымақтастық байланыстырады — министр
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хуанжан медициналық орталығынан Shanghai Maijieke Investment Management Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Ведомство басшысы Қазақстан мен Қытай тату көршілік, стратегиялық әріптестік және көпжылдық ынтымақтастық қарым-қатынастарын байланыстыратынын атап өтті.

Бүгінгі таңда екі елдің де медицина ғылымын дамытуға, цифрландыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда.
— Біз медициналық жабдықтарды қалпына келтіру және жаһандық сауда бойынша бірегей үлгіні жүзеге асыратын сіздерің компанияңыздың үлкен әлеуетін атап өтеміз. Қазақстан медициналық технологияларды жаңартуға және ұтымды пайдалануға мүдделі және біз сервистік қызмет көрсету және кадрларды даярлау орталықтарын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды қарауға дайынбыз, — деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін созылмалы аурулардың алдын алған дәрігерлерге сыйақы берілетіні хабарланды.