11:39, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Корея арасында қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған ? Н. Назарбаев
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан мен Корея арасында қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы шағын құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың әлеуеті зор деген ортақ тоқтамға келгендерін айта келе: «Ол үшін бізде ешқандай кедергі жоқ», деді. Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған. «Жоғары деңгейде сенімді диалог жолға қойылды, Парламент, Үкімет, министрліктер, іскер топтар деңгейінде байланыс орнаған», деді Мемлекет басшысы. Елбасы Қазақстанда тұратын 100 мыңнан астам кәрістер екі елді байланыстыратын буын екенін атап көрсетті.