Қазақстан мен Корея Республикалары энергетика және табиғи ресурстарды игеру саласында бірлескен жобаларды пысықтауға келісті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан мен Корея Республикалары энергетика және табиғи ресурстарды игеру саласында бірлескен жобаларды пысықтауға келісті. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Президенті Ли Мён Бак қабылдаған бірлескен мәлімдемеде айтылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тараптар бірлескен мұнай-газ жобаларын іске асыру аясында көмірсутек шикізатын барлау мен игеру жөніндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ 2008 жылғы мамырда қол қойылған уран концентраттарын тасымалдауға арналған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде уран саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге үміт артты», делінген Бірлескен мәлімдемеде. Сонымен қатар онда тараптар Балқаш жылу электр стансысының құрылысы жобасын жүзеге асырудағы екі ел компанияларының ынтымақтастығын құптады. Мәлімдемеде Корея жағы Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту мәселелерінде Қазақстан тарапына белсенді түрде қолдау көрсетуге ниет білдіргені, осыған байланысты бұл салада кіші және орта қуаттағы ядролық реакторлар (SMART) жобасын әзірлеу жөнінде бірлескен зерттеулер мен техникалық тексерістер жүргізу арқылы өзара ықпалдастықты дамытатыны айтылған.
Соңғы жаңалықтар