17:58, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Корея Республикасының компаниялары бірқатар меморандумдарға қол қойды
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак пен ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен қазақстандық-кореялық бизнес форумында бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, өзара түсіністік туралы меморандумға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен кореялық Hyundai Corporation компаниясы, өзара түсіністік жөніндегі меморандумға «Қазақмыс» және Samsung корпорациялары, сондай-ақ осындай меморандумдарға «Самұрық-Қазына» қоры мен Кореяның халықаралық мердігерлер қауымдастығы арасында, Hyundai корпорациясы және «ҚазМұнайГаз» АҚ арасында, «Korail» Корея темір жолдары корпорациясы мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК мен «Korea recourses corporation» корпорациясы арасында қол қойылды.
Мұнымен қоса ынтымақтастық туралы келісімге «Қазақтелеком» АҚ мен Кореяның ETRI ғылыми-зерттеу институты қол қойды.