Қазақстан мен Куәйт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші отырысы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қаңтардың 17-19-ы аралығында Эль-Куәйт қаласында Қазақстан мен Куәйт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталмыш шараға қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова басқарады. Келіссөздердің негізгі мазмұны екі мемлекет арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылау болып отыр», деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар