Қазақстан мен Қырғызстан арасында Елшіліктердің жер учаскелерін пайдалану туралы келісім қабылданды

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және
None
None

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттері үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласында ғимараттар мен жер учаскелерін өтемсіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Аталған келісімге 2005 жылғы 10 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған болатын. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес, Қырғыз тарапы Бішкек қаласының «Ала-Арча» тұрғын үй қалашығындағы жалпы ауданы 531,66 шаршы метр 17-коттедж бен жалпы алаңы 0,17 гектар жер учаскесін Қазақстан Республикасына 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді. Ал Қазақстан тарапы Астана қаласының Дипломатиялық қалашығындағы жалпы ауданы 555,9 шаршы метр В-5 коттеджі мен алаңы 0,247 гектар жер учаскесін Қырғыз Республикасына 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүліктің күрделі және ағымдағы жөндеуін орындауға байланысты барлық шығындарды жалға алушы тарап өз есебінен жүзеге асырады. Сондай-ақ, тараптар ғимарат пен оған іргелес жатқан аумақтың барлық орнатылған техникалық жабдықтарының бүтіндігіне, сақталуына және жай-күйінің дұрыс болуына толық жауап береді. Елшіліктер орналасқан мемлекетте қолданылатын нормативтерге сәйкес көрсетілетін коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері үшін төлемдер жасалады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар