17:27, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастары одан дами түседі деп сенемін - Р.Отынбаева
СТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева жексенбі күні Қазақстанға келді, ол ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 27-отырысына және Астана күніне арналған мерекелік шараларға қатысады.

Астана әуежайындағы брифингіде Р.Отынбаева Қырғызстанға қиын кезеңде көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айтты және «біздің халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастық одан әрі жалғасатынына» сенімін білдірді.
Қазақстан елодасының мерекесіне қатысты, қырғыз президенті Астана күнін мерекелеу жақсы дәстүр екенін атап өтті және жас елорда жасай берсін, деген шынайы тілегін жеткізді.