Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі ауқымындағы өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылады

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.
None
None

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аясында өзара іс-қимыл басымдығын талқылады.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толады. Бүгінгі Қазақстан Қырғыз экономикасының ірі инвесторы және жетекші сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып қала береді.

2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 750 миллион АҚШ доллары деңгейіне жетті. 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл көрсеткіш, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 34 пайызға артып, 281 миллион АҚШ долларын құрады.      

Соңғы жаңалықтар