14:10, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне қолдау білдіре отырып, ешбір қайшылықсыз батыл әрі радикалды реформалар жолымен келе жатыр
СТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне қолдау білдіре отырып, ешбір қайшылықсыз батыл әрі радикалды реформалар жолымен келе жатыр», - деп жазады Қырғызстанның «Қырғызстан сөзі» газеті.
«Биыл Қазақстан төрағалық етуші ел ретінде ЕҚЫҰ-ға басшылық етті. Бұл халықаралық қауымдастықтың біздің көршілерімізге білдірген жоғары сенімділігі ғана емес, жалпы өмір сүру нормаларын демократияның әлемдік стандарттарына сәйкестендіру бағытында мемлекет ішінде атқарылған үлкен жұмыстардың нәтижесі. Бұл сонымен қатар, олардың ел ішінде, жалпы Орта Азия аймағында орындалуы үшін үлкен жауапкершілік», - дейді басылым.
Қырғызстандық газет жазғандай, бүгінгі күні Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне қолдау білдіре отырып, ешбір қайшылықсыз батыл әрі радикалды реформалар жолымен келе жатыр.