Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері екіжақты үкіметаралық кеңестің екінші отырысын өткізу туралы келісті

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жұма, 4 ақпан күні Премьер-Министр Алмазбек Атамбаев бастаған қырғыз делегациясымен кездесті,
None
None

деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша энергетика және су-энергетика саласындағы, техникалық реттеу, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ шекара және миграциялық өзара іс-қимылдар туралы үкіметаралық қазақстан-қырғыз келіссөздерінің хаттамасына қол қойылды.

Тараптар сонымен бірге қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің екінші отырысын өткізу туралы келісті.

Соңғы жаңалықтар