Қазақстан мен Қырғызстан Шу және Талас өзендері бойынша су бөлу мәселелерін талқылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Қордай елді мекенінде, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Қырғызстан үкіметінің Шу облысындағы уәкілетті өкілі Бақтыбек Құдайбергеновпен, Талас облысындағы өкілі Байышбек Жұманазаровпен және Ыстық көл облысындағы өкілі Асхат Әкібаевпен жұмыс бабындағы кездесуінде су шаруашылығындағы өзекті мәселелер және шекаралық өзендердің суын бөлу жайлары талқыланды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының басшысы К. Көкірекбаев көршілес мемлекеттердің облыстары арасында су ресурстарын бөлудің маңыздылығын атап өтті.

Судың 80 пайызын Жамбыл облысы бастауы Қырғызстанда жатқан өзендерден алады. К. Көкірекбаев ауыл шаруашылығына пайдаланылатын су мәселесі жыл сайын көтерілетіндігін баса айтты. Талас өзенінің суынан Жамбыл, Байзақ, Талас, және Сарысу аудандарының 62 мың гектар жері суғарылады. Шу өзені Қордай мен Мерке аудандарының 46 мың гектарын қамтамасыз етеді.

Екі ел арасында трансшекаралық өзендер суын пайдалану жөіндегі келісім бар.

Бірақ қырғыз тарапы осы жылға дейін су беруді ұдайы шектеп келді.

Қырғыз Республикасының өкілі Жамбыл облысының басшысын бұл түйткілді мәселенің оңды шешілетіндігіне сендірді.

«Биылғы жылы өзендердегі су көлемі тәуір. Барлық мәселелер шешіледі. Су бәріне: сіздерге де, бізге де жетеді»,- деді Қырғыз Республикасы үкіметінің Талас облысындағы өкілі Б. Жұманазаров.

Соңғы жаңалықтар