Қазақстан мен Қырғызстан жаңа стратегиялық қарым-қатынас жасауға уағдаласты

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қырғыз елі Президентінің Астанаға ресми сапары аясындағы бүгінгі келіссөздер нәтижелі болды деп айта аламын. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жаңа сапаға көтеру жөнінде жаңа стратегиялық қарым-қатынас жасауға келістік»,- деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, келіссөздер барысында жоғары мемлкетаралық, үкіметаралық кеңестер жұмыстарын жандандыруға екі елдің Президенттері уағдаласып, өңірлік қауіпсіздік пен ынытмақтастық мәселелерін талқылаған. Сонымен қатар екі арасындағы халықаралық қарым-қатынастың бір қатар маңызды жайттары да әңгімеге арқау болған.
«Қырғызстандағы болып жатқан ахуал біздің білуімізше тұрақтылық, қазіргі кезде түсіністік. Қазақстан саяси партиялардың арасындағы бірлікті қалайды. Біз осы жүргізіліп жатқан жұмыстарды қуаттаймыз. Қырғыз елінде тыныштық орнап, береке бірлік болып экономикасы менен халықының әл-ауқаты көтерілгеніне біз мүдделіміз»,- деді Н.Назарбаев.