Қазақстан мен Қытай арасында ядролық материалдарды заңсыз өткізбеу туралы келісім ратификацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан мен Қытай арасында ядролық материалдарды заңсыз өткізбеу туралы келісім ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.