18:35, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы биыл 34 пайызға төмендеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы биыл біршама төмендеді. Бұл жайлы Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесінің Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Сунь Чжэнь Сяо бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлемдік дағдарыс тауар айналымына өз ықпалын тигізуде. Биыл өткен жылмен салыстырғанда ол 34 пайызға төмендеді. Дегенмен сәуір айында өсім байқалды. Тауар айналымында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларының үлесі артып келе жатыр», - дейді Сунь Чжэнь Сяо. Оның пайымдауынша, Қазақстан бұл дағдарысты еңсереді. Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық алдағы уақытта да одан ары тереңдей беретініне үлкен үміт артылып отыр.