14:36, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Қытай даму банктерінің өкілдері дағдарыстың салдарын еңсеру жолдарын бірлесіп талқыламақ
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ертең қыркүйектің 11-і күні сағат 10-00-де Астанада Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Даму банкі бірлесіп, қаржы дағдарысының салдарын еңсеру мен екі елдің қаржы саласы бойынша өзара бірлесіп қызмет ету мәселелеріне арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында екі елдің инвестициялық мүмкіндіктері мен инновациялық әлеуетіне қатысты мәселелер, сондай-ақ мемлекеттер арасында өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шаралардың жайы талқыланады. Семинарға екі елдің банк қызметкерлерімен қатар Индустрия және сауда, Сыртқы істер, Экономика және бюджетті жоспарлау, Қаржы министрліктері мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.