Қазақстан мен Қытай ғалымдары достық пен бейбітшілікті нығайту және ынтымақтастықтың тиімді түрлерін зерттеу жөнінде пікір алмасты

АНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің елім» журналы редакциясында Қытай елінен келген ресми өкілдермен  журналдың бас редакторы, «ЦЕССИ-Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры, Әлеуметтік-саяси зерттеу институтының бағдарламалық директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Ботагөз Рақышеваның кездесуі өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Делегацияны Жалпықытай Халықтық бейбітшілік және қарусыздану қауымдастығының вице-президенті, Қытай Халық Республикасы Ұлттық халықтық конгресінің Шет ел істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ма Венпу мырза бастап келді. Сонымен қатар аталған ресми өкілдердің құрамында Жалпықытай Халықтық бейбітшілік және қарусыздану қауымдастығының атқарушы хатшысы Ванг Чангуонг, зерттеу бөлімінің директоры Ху Хонху, қауымдастық хатшысы Лу Вэй болды.

Кездесуге Қазақстан тарапынан «ЦЕССИ-Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институты директорының орынбасары Тоқаева Дариға, «Халықаралық зерттеу. Қоғам. Саясат. Экономика» журналының бас редакторы, тарих ғылымының кандидаты Кожирова Светлана, «Бейбітшілік қоры» төрағасының міндетін атқарушы Шайх Қазыбек, «Қазинвест» инвестицияларға ықпал етудің қазақстандық орталығының президенті Балғабай Мархаббат және жоғарыда аталған екі институттың ғылыми қызметкерлері мен сарапшылары қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай ғалымдарының арасындағы достық пен бейбітшілікті нығайту және ынтымақтастықтың тиімді түрлерін зерттеу бойынша пікір алмасу өтті.

Басқосу еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту бойынша пікірлер мен ұсыныстарды  оқып үйренуге, халықаралық және әлеуметтік-саяси зерттеу жүйесін жақсарту мен кеңейтуге, сонымен қатар зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеуде серіктестік байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар