Қазақстан мен Қытай халықаралық тасымалға рұқсат беру жүйесін өзгертті

Құжатқа Қазақстанның Қытайдаға елшілігінің қолдауымен 2016 жылдың 10-12 қазаны аралығында Хубэй провинциясының Ухань қаласында өткен Көлік ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің 10-шы мәжілісі барысында қол қойылды.
1993 жылдың 27 ақпанында қол қойылған осыған дейінгі хаттамаға (Рұқсат берудің үш түрі бар: «А»-жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау, «В» - жолаушылар мен жүктерді тұрақты емес тасымалдау, «С» - жүктерді тасымалдау) қарағанда, жаңартылған редакцияда рұқсат берудің төртінші түрі қарастырылады. Ол жүктерді нақты бір бағыттар бойынша баратын жеріне дейін және одан бері қарай алып келу құқығы негізінде автомобиль арқылы тасымалдауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.
Мәжіліс барысында тараптар екі ел арасындағы қол қойылған «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуін» біріктіру жөніндегі жоспардың көлік саласы бойынша ынтымақтастық мәселелерін жүзеге асыруға қатысты жақтарын жан-жақты дайындауға келісті.