Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СТӘК) сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылдың 16 шілдесінде 17 сағат 30 минут 48 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Зілзаланың ошағы Алматыдан 829 км қашықтықта а Қазақстан мен Қытай аумағында болды. Энергетикалық класы 11.0. Магнитудасы 4.7. MPV. Жер сілкінісінің бағыты 47.27° с.е 85.74° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы мәліметтер. Зайсан Күршім 2 балл»,-деп хабарлады СТӘК.