Қазақстан мен Қытай судьялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Жоғарғы соттарының төрағалары Мұсабек Әлімбеков пен Ван Шенцзюнь бүгін Астанада Өзара ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Жоғарғы сот ғимаратында өткен кездесуде тараптар судьялар үшін машықтануды, тренингтер мен біліктілікті жетілдіру курстарын ұйымдастыру перспективаларын, сондай-ақ сотты әкімшілендірудегі инновациялық технологиялардың рөлін зерттеудегі ынтымақтастықты талқылады.

Қытайдың сот жүйесінің құрылымы мен қызметіне тоқталған Ван Шенцзюнь мырза, Астанаға жасап отырған бүгінгі сапардың Аспанасты елдерінің судьяларына қазақстандық әріптестерінің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін үйренуге мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар