Қазақстан мен Латвияны саяси және экономикалық байланыстар ғана емес тарихының ортақтығы да біріктіреді - Н.Назарбаев

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Латвияны саяси және экономикалық байланыстар ғана емес тарихының ортақтығы да біріктіреді. Бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Біздің елдерімізді саяси және экономикалық байланыстар ғана емес тарихымыздың ортақтығы да біріктіреді. Қазақ және латыш халықтары әрдайым бір-бірін құрметпен қолдап келген», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, Латвия Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезіндегі негізгі шаралардың бірі Қарағанды облысының Спасск елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбаны болған латыштарға арналған ескерткішті ашу болды. Бұл ретте ҚР Президенті Латвияға жасаған сапары барысында қазақ жерінде құрбан 268 латыштың құжаттарын туған еліне тапсырғандығын баса айтты. «Бұл тағдырдың жазуымен қазақ даласына келген отандастарының рухына деген құрметтің белгісі»,- деп жоғары бағасын берген ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне қарағанда, 1938-1941 жылдары Қазақстанға 17 мыңнан астам латыш жер аударылған.

Соңғы жаңалықтар