Қазақстан мен Ленинград облысы ынтымақтастық болашағын талқылады

В.Сердюков Б.Жұмахановты жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, облыс пен Қазақстан арасында экономикалық, гуманитарлық салада көптеген ортақ мүдделер бар екенін атап өтті.
«Біз аймақтық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, қазақстандық тараптан біздің облыспен серіктестік қатынастар құрғысы келетін облыстардың ұсыныстарын күтеміз», - деді губернатор.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, теңіздегі жүк тасымалдары сияқты салаларда ынтымақтастық болуы мүмкін екенін атап өтті.
Ленинград облысында мемлекеттік-жекеменшік капиталды қолдану арқылы индустриалдық парктер белсенді дамытылып жатыр. Мемлекеттік капитал есебінен учаскелер жасақталып, барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым салынуда. Өткен жылы бұл мақсаттарға шамамен 400 млн. рубль бөлінген еді, биыл шамамен 500 млн. рубль жұмсауды жоспарлап отыр.
Усть-Лугта индустриалдық бизнес паркін, уақытша сақтау қоймаларын (құрғақ порт аймағы), логистикалық терминалдар мен өндірістік кәсіпорындарды орналастыру жоспарланып отырған заманауи өнеркәсіптік-индустриалдық аймақ құрылуда. Бірінші резиденттер арасында - газ және мұнай компаниялары.
«Қазақстан Ленинград облысымен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға қызығушылық танытып отыр. Жақын уақытта біздің бизнесмендеріміздің делегациясы аймақ мүмкіндіктерімен танысып, өздерінің бизнес ұсыныстарын беру үшін келеді», - дед Б.Жұмаханов.
«Сіздердің бизнес құрылымдарыңыздың кез келген ұсыныстарын қарастыруға әзірміз», - деп атап өтті В.Сердюков.