Қазақстан мен Македония үкіметтері арасында экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар құжаттарға қол қойылды

None
None
АСТАНА.  2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Македония Республикасының Президенті Георге Ивановтың Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Македония Үкіметі арасындағы  қосалқы салық салуды болдырмау және кіріске салынатын салыққа қатысты жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қойылды. Бұдан бөлек екі ел Үкіметтері арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім бекітілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен Македония Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге де қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар