Қазақстан мен Малайзия Премьер-Министрлері сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Куала-Лумпурда Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Разақпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
None
None

Үкімет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге елеулі әлеуетті атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың бірқатар мәселелерін талқылады.

Естеріңізге салсақ, К.Мәсімов Халықаралық олимпиада комитетінің 128-ші сессиясына қатысу аясында Малайзия астанасына барды, оның аясында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өткізілетін қала таңдалады. Олимпиада өткізуге Алматы және Бейжің үміткер.

Соңғы жаңалықтар